Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  170


Автор: Толқын Қабылша

ТАҒДЫРЫМ СОЛАЙ, ҰҒЫНДЫМ...

Толқын да толқын ғұмыр күн,
Телегейің-ай, суындым.
Тасқының соқса, сенделдім,
Теңіздей мұңға тербелдім,
Тағдырым солай, ұғындым...
Тамшыдай тұнық жанымның,
Тамыршысындай бағымның
Тәрк етпей, мендік жүректі,
Тәрк етпей, мендік тілекті,
Тамшы жыр болды, бағым мың.
Талғамым еді тереңдік,
Тағдырды солай өлең ғып.
Таңғы шықтайын тым нәзік,
Таң нұрымен де жыр жазып.
Тағдырды кешіп келем құт …
Толқынға соққан кемедей,
Тірлікті күйбең елемей,
Тұп-тұнық жанның үмітін,
Тәнті ғып келем, күні-түн.
Тағдырға сол бір, сенем-ей…
Толқын да толқын ғұмырым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу