Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.09.2022
129

АСТАНАМ – МАҢДАЙДАҒЫ ЖАҚҰТ БАҒЫМ!
Алаштың аңсарындай алып-ұшқан,
Сарыарқам толқиды әне, сағыныштан.
Күллі қазақ ынтызар баурайыңа,
Көш әне, саған қарай ағылысқан.
Самғатып қиялымның шартарабын,
Шұғылаңды төгеді әр торабың.
«Астанам – елдігімнің айғағы» деп,
Жаһанға жүрегіммен жар саламын.
Еділім жат қолында суынғанда,
Ерке Есіл бұйырған бақ, ұғынғанға.
Базынасыз бақыттың еншісіндей,
Байрағымды тұғырдан түсірме, Алла!
Мәңгілік мекеніндей ырыс-құттың,
Мызғымас әуеніндей тыныштықтың.
Бәйтерегің сая боп бар қазаққа,
Бойтұмары болғайсың ұлыс-жұрттың!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇