Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  100


Автор: Толқын Қабылша

ТОЛҒАНЫС

Көкжиектен күн боп қолын созған нұр,
Құлагер боп керім сыннан озған жыр.
Қиянатты қара қылдай қақ жарып,
Мұңсыздарға, салшы бүгін қозғау бір.
Қарғаларды қара жолда қалдырып,
Қырандарға қанат берген таңғы үміт.
Қандықолын қиып тастап қаскөйдің,
Қалың елге қуаныш бол, мәңгілік.
Қара сөзді қалықтат та көгімнен,
Қасиет бол құзар шыңнан төгілген.
Қаламымды қозғар болсаң құдірет,
Қайғы-мұңның қабырғасы сөгілген.
Адастырмас ақ туындай өткелдің,
Алдаспандай көзі сенсің өткеннің.
Ары үшін жанын қиған ерлерден,
Аманат боп қазағыма жеткен мұң.
Қиылған сәт қара түннің семсері,
Құба жолда үмітім бол еңселі.
Құт дарыған қара өлеңі қазақтың,
Қасық қанмен қорғап өтем, мен сені.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу