Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.09.2022
130
СЕН КӨЗІМДЕ ҒҰМЫР КЕШШІ!
Сені ұмыту – ұмыту ма сүюді,
Сенсіз жалған – жылусыз хәм көріксіз.
Өлең тәңір ұқпай қойды күйімді,
Айтпай кетсем, есіміңді еріксіз.
Сені ойламау – баз кешу ме әлемнен,
Ойсыз, мұңсыз әр күнімнен жеріндім,
Өр келбетің қол бұлғайды өлеңнен,
Жеңіс сенде, мен тағы да жеңілдім.
Сені іздемеу – сұлулықтан безіну,
Нәзіктіктен қол үзу ме аяулы?
Сені ойламай қандай қиын көз ілу,
Сезім кейде білмейді екен аяуды.
Сені сүймеу – жазалау ма өзімді,
Сенсіз мұңнан сатқындықты таныдым,
Сен ұнатқан әр мезетте сезім жүр,
Сен көзімде ғұмыр кешші, жарығым!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter