Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  112


Автор: Толқын Қабылша

Бақ емес...

Бақ емес,
сор татқанмын, татып келем.
Содан болар,
жазбағам, бақытты өлең.
Жоғалтып ап,
тәңірдің тылсым нұрын,
Жанарымды жуамын жахұтпенен.
Тасқа тамып,
жанымның тамшылары
Тасты құшып,
жахұт жас жаншылады.
Тасты сүйіп,
солығын басып-жатқан
Бұйырмапты маған сол тамшы бағы.
Ғайып болып,
жүзінен жан шуағы
Бір жауқазын жаңбырға малшынады,
Өлмесін деп сол гүлді иіскеуменен,
Жүрек құрғыр сыздайды,
шаншып әлі.
Көздерімде сол гүлдің тамшылары...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу