Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.09.2022
136
«НЕГЕ СОНША СҮЙЕМІН?..»
Нәзіктігін нәркес мұң серік еткен.
Неге сонша сүйемін сені көктем?
Қауышуды тағатсыз тосқан сәтте,
Менің мөлдір жанымнан жерімеп пе ең?
Неге сонша сағынам,
Аптығамын?
Тамылжыған естірдей бақтың әнін.
Қарлығашым көктем боп оралардай,
Құр үмітті кеудеме қапсырамын.
Неге сонша асығам, аптығамын?
Тәңір келіп, төсердей бақ құрағын.
Іркіп жүрген іңкәрлік үздіккенде,
Үзілуге төзім жоқ, шақ тұрамын.
Сезіледі салқындық келбетіңнен,
Жылылығым дейсің бе, жер бетінде.
Көктем сені күткен ем,
дәрмені жоқ,
Қамкөңілдеу жанымды емдетуге...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter