Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.09.2022
102
ҚАРАҢЫЗШЫ КӨЗІМЕ
Сағынған сәт мойыныңа асылып,
Иығыңа сүйей де алмай басымды.
Алып-ұшқан аңсарымды жасырып,
Мен де сіздей
болып алдым ақылды.
Мен де сіздей болып алдым,
Салқын тым.
Іздемеймін мақпал түннің елесін.
Телегей мұң –
Теңіз кештім, шарқ ұрдым,
Сақтай алдым адалдықтың кемесін.
Сағынышсыз өткелдерге тұрақтап,
Бәлкім, солай өшірмексіз өртімді.
Мен де сіздей болу үшін,
Жырақтап,
Ұмытпақпын, жүректегі сертімді,
Салқындығым сатқындық қой өзіме,
Сіз, расымен қалайсыз ба, осыны?
Бәрін тастап,
қараңызшы көзіме,
Қимастығым қалсын сізден тосылып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter