Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  130


Автор: Толқын Қабылша

«ТӘТТІ ТҮС»

Жанарымнан жалын емес, мұң көрдің
Арасында жүрген едім гүлдердің.
Таңғы шық боп тамшылаған шоқ гүлге
Тұнық мұңлы сыр жасырып үлгердім.
Түн қойнында ендің сосын түсіме...
Түс тылсымын алдың ба екен түсіне.
Жақын келіп, тіл қатып ең, жоғалдым,
Ұқсағым кеп кісікиік кісіге...
Жалт еткендей жанарыңнан жыр киік,
Үнсіздікке еніп кеттім тұңғиық.
Ұмсындың сен, үнсіз қалды ұлы үміт,
Қол созды да, кеңістікке тым биік.
Қарашыққа қадалған сәт қас-қағым,
Құстай шолып, арманымның аспанын.
Күрсіндің де, ғайып болдың ғарышқа,
Бақытына айналдым мен басқаның...
Қиялымда қалды сол бір шақ тұнып,
Көріндің бе, сыйлағың кеп тәтті үміт.
Көзімді ашсам, түсім екен, қия алмай,
Сағынышым бара жатты асқынып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу