Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  163


Автор: Толқын Қабылша

ТЕҢІЗДЕ ДЕ ТАҒДЫР БАР...

Теңіздей тылсымына тартқан үнсіз,
Тулаған телегейлі шақтарымсыз.
Толқынды жасырғым кеп ішімдегі,
Жағаға сырымды аштым,
Түсінбеді.
Самалына жүзімді аймалатып,
Теңізге құлақ түрдім.
Қайда бақыт?
Шағаласы мен сүйген көкке ұмсынып,
Айдынында күрсінді мұң-тіршілік.
Толқынын аңсар құшқан, ұғына алмай,
Телегейі айтқызбас мұңы бардай.
Тереңінде сыр жатқан, буырқанып,
Теңізге тағы үңілдім, бүгін барып.
Шарқ ұру ма, шындығың көмкерілген?
Теңізге ұқсас тағдыр-ай, көнгеніңмен.
Қарашықта мөлтілдеп сағынышы,
Теңіз жатыр жанары төңкерілген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу