Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.09.2022
101
ҚАҢБАҚТЫҢ МОНОЛОГІ
Тағдырына қаңбактың,
Күлемісің, ақыным?
Қаңбақ болу қайғысын,
Білемісің, ақыным?..
Бізді Тәңір!
Тәлкек қып,
Дарқан ДАЛА сыйлаған!
Өзің туған ДАЛАҒА,
Қорлық екен сыймаған!..
Қожам менің – КӨК ДАУЫЛ!
Қуып жүрген құрық ап,
Панам менің түнгі сай,
Қорқау қасқыр ұлыған...
Адамдардай айқаста,
Құлар едім оқ тиген!..
Отқа түсіп қорғайтын...
Қайран Отан жоқ мүлдем!
Ей, көк атты, жүре бер,
Өз жолыңмен көсілген!..
Менде сендей ел бар ма,
Ерке бота өсірген?..
Тозып ұшқан торғайдай,
Тағдырымыз қосылмай,
Мен қаңбақпын, бауырым!
Қаңбақ деген осындай...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter