file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  100


Автор: Зейнолла Тілеужанұлы

БАЗАРДА

ШІЛДЕНІҢ күні...
Шыжғырып,
Шаншылып жерге төнеді.
Көкбазар толы күллі жұрт,
Құмырсқаға ұқсап өреді...
Құрттаған ит те шыбжыңдап,
Көлеңке таппай жүргенде...
Бес тиын үшін бет бұлдап,
Қай құдай қуды бұл жерге?!
Көнетоз ала шапанның,
Айқара ашып шалғайын.
Өзібек отыр...
бес-алты, бетіне қарап алманың!
Базарға салған бар затын,
Алады...
Мейлі алмайды.
Пұлының мақтап зәузатын,
Безектеп бәрі зарлайды.
Пайдадан күдер кім үзбек?
Қонар ма басқа осал бақ...
Сиырдың сүтін қымыз-деп,
Бір сақал отыр шошаңдап!
Бәрі де,
Бәрі бар мұнда!
Түседі түгел саудаға...
Қып-қызыл өрттей қарбыз да,
Жетпейтін –
Жалғыз ар ғана!
Ондайда бұлар ар түгіл,
Ұмытар ата-анасын...
Қалтаңда барды –
Салшы бір!
Телмеңдеп төніп санасын...
Басына қонса,
Байғыз бақ,
Басқаны күліп табалар!
Азаннан жетер андыздап,
Арамтамақ аралар...
Сәудегер күні –
Осы да...
Шіркіннің тар-ау пейлі шын!
Əлемдік қорға қосуға,
Жыйнайды ақша деймісің...
Əлемдік қордың не екенін,
Құйсаң да кірмес құлаққа!
Ол үшін Абай өлеңі –
Əншейін жәй бір лақпа...
Түндерде,
Сонау шығыста,
Қып-қызыл оқтар ағады.
Жесірлер жылап ішқұса,
Ливан жері қаралы...
«Қырқыса берсін өзге елдер,
Жер басып жүрген кеще көп!»
АЗАТТЫҚ ҮШІН ӨЛГЕНДЕР,
Бұларша айтсақ –
«Есерсоқ!»
Басына қонса –
Байғыз-бақ...
Басқаны күліп табалар!
Азаннан жетер андыздап,
Арамтамақ аралар...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу