Өлеңдер ✍️
ЕСІҢ БАРДА – ЕЛІҢ ТАП!
Даладан дауыл қуған!
Жауың қуған!
ҚАЗАҚТАР!
Қайда жүрсің сағындырған?
Таулардың күте-күте шәші ағарып,
Сарғайған қырдың жүзін жалын жуған...
Дәм-тұзың таусылмаса...
Аттың басын,
Бұратын кезің келді сабылдырған.
Жаутаңдап туған жерге қарайласып...
Кеткелі Алтайды асып,
Алайды асып,
Жөргекте кеткен сәби –
Аман болса,
Қалыпты-ау,
Сексеніңе қадам басып!..
Арыстан Абылай ханТуын тіккен!
Батырлар алдаспанын жалаңдатып...
Отанның –
Отын сақтап оырмыз біз!
Қорғаған бабаларың талай ғасыр.
Тұрғанда хан тағында – қалың елі,
Қай дұшпан –
Жағаңа қол салып еді?
Бір Алладан басқаға бас имеген,
Жастары –
Жанып тұрған жалын еді!
ҚАБАНБАЙ,
ҚАРТ БӨГЕНБАЙ,
БАТЫР БАЯН...
Сағымды сар далаңдай алып еді!
НАУРЫЗБАЙ,КЕНЕСАРЫ,ЕР АҒЫБАЙ,
НАЙЗАСЫН жау қанына малып еді...
ШығысыңдаҚұмырсқа қалың қытай,
БатысыңдаОрыстың жайын елі!
Аз қазақ еш амалы қалмағанда,
Аузына алатыны Алла ғана!
Ханы бар...
Сапқа тұрар сарбазы жоқ!..
Қару жоқ...
Жармасқанда жау жағаңа!
Келімсек!..
Қонақ емес кете қояр,
Андыздап келіп жатыр сар далаңа!
Есің барда-елің тап қайран, ҚАЗАҚ!
Жетемісің жайындар жалмағанда?..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter