Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.09.2022
465
ЖЕҢГЕМЕ
Армысың абзал, жеңеше!
Танымай қалдың сен тегі.
Доп қуып жүрген мен кеше,
Ауылдың сотқар тентегі.
Түсіріп еске көрейін,
Күндерді өткен бір қызық!
Əйнектен ішке төнейін,
Аулаңда итті үргізіп...
Жүрегі үркіп еліктей,
Елеңдеп жатсын сұйген қыз!
Есікті қатты серіппей,
Алдымнан шығып үйге енгіз...
Қараңғы үйде еп керек...
Оятсам қыздың ағасын!
Шынжырын үзіп көк төбет,
Сонан соң мені таласын!..
Армысың абзал,жеңеше!
Танымай қалдың,сен тегі.
Доп қуып жүрген мен кеше,
Ауылдың сотқар тентегі...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter