file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  131


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Аққу

Тағдырдай асауыммен мың алысып,
Келемін өз әлімше құрақ ұшып.
Сарқылып тұңғиықтың көлі бүгін,
Аққуы кетті арманның жылап ұшып.
Қарылды сезім тілі шоққа ұрылып,
Қайғыдай қара дауыл соқты ұлып.
Көзіне сол аққудың құм құйылып,
Жан баспас құба түзге кетті кіріп.
Даланың тұрды боран тыншын ұрлап,
Басталды мұңға толы тылсым ырғақ.
Тұрдым-ау тұла бойым түршігіп-ақ,
Аққудың құлағымда сұңқылы қап.
Санамның сағым ойнап сары белесін,
Қадалды тозған жанға зар жебесі.
Көміліп көкжиектің жабығына,
Аққудың жанарымда қалды елесі.
Бар арман, барлық сырды тұмшап, қамап,
Ол кетті оқ мойнына мұң саптап ап.
Мен оны демім сайын есіме алып,
Тұрамын көкжиекке күн сап қарап...



15 қыркүйек 1999 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу