Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.09.2022
112

Ауылға серт
Мендегі бар алып ұшқан дегбірді,
Ауылыма сағынышым ең ұлы!
Туған ауыл қымбат маған қылтаның,
Қызғанамын қуаласа жел құмды.
Құдіретті тауымда бар киелі ел,
Киелі елін жаннан артық сүйеді ер.
О, сахара от құшағың қысқанда,
Көкіректен көк шарпыған күй өрер.
Тарихыңа бала жастан мен құмар,
Тастарыңда бабам салған белгі бар.
Ер – елі үшін рас болса туғаны,
Шұғыланың шуағына шомдырар!!!
Қыркүйек 1999 жыл
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇