Өлеңдер ✍️

Қиналамын
І
Қиналамын кірпігіме мұң іліп,
Қиялымның ақбұрқағы тұр ұлып.
Сағыныштың сары даласын кеземін,
Санамда тек сайғақ-қайғы шұбырып.
Бір мұң кетсе, бірі келіп жатады,
Тұрмын еркем соған бола қапалы.
Түсінбедім, түсіне де алмаспын,
Бұл дүние мен жөнінде жат әлі.
Кей жабығыс жаныма да келді өктем,
Үміт бірде шыға алмады жөргектен.
Жүрегімді сендік мұңға батырып,
Қиналамын сен деп мен.
ІІ
Күнде жайсыз жатамын мұң жастанып,
Берекесіз ойлар толып басқа лық.
Тыйшы қарғам, өзің келіп өртіңмен,
Тұр жүректен қан аралас жас тамып.
Сені көріп болдым бақыт тапқандай,
Бірақ жаным сен келесің сәп салмай.
Қиналамын мендік арман жоқ сенде,
Қиналамын буалдырлап батқанда ай.
Тұнжыраған табиғатқа мұң шақтым,
Болдырдым ба?..
Елесіңмен құр шаптым.
Сүйемін деп екі тауды жаңғыртып,
Болмайды екен екі бөлек тұрсақ тым...
Шілде 1999жыл
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇