file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  98


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Таулықпыз

Досым Бейсен Кәдірханұлына



Мамыр мынау көктем киген көк бөрік,
Көңіліміз көк жайлауға кетті өріп.
Тарпаң қала тарылтқасын тамырды,
Таулықпыз ғой...
Тауға қарай беттедік.
Кеш жамылып, самал жұтып сап-салқын
Отырдық біз,
Келе жатты мақпал түн.
Тұрды бізге басын иіп таулы бақ,
Жаудырап тұр ай да сақтап ақ қалпын.
Жадымыздың өр ағысы жатты ағып,
Масыл мұңды тау жұпары қашты алып.
Пай, пай, шіркін!
Сезілді-ау біздерге
Төрге салған текеметтей тас-мамық.
Мазақ етіп өтті талай жыл - қыздар,
Кеудемізде содан бір шоқ, бір мұз бар.
Көкіректі көкке бір сәт кергенде,
Көзімізге тамып жатты жұлдыздар.


Қалдырмаймыз жер бетіне бекер із,
Ғасырларға тартылар жол төте біз.
Аман болса мынау аспан аясы,
Жұлдыздармен жазу жазып кетеміз!!!



21 мамыр 1999ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу