Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.09.2022
165

Туған жерім Шәкүрті
Мен туғанмын бойында Шәкүртінің,
Мен оның тау-тасының шәкіртімін.
Ауылдастар атынан тұлпар мініп,
Қара шыңға қадаймын ғасыр туын.
Өз мекенім өзгеге мақтанбағым,
Жүрегіме алаулы жаққан жалын.
Ару айдын Үліңгір жарып аққан,
Өн бойымды аралап шапқан қаным.
Туған жердің атына шаң жуытпан,
Жаралған ғой біздің ел арлылықтан.
Шыр еткенде ең алғаш дауысым да,
Шәкүртінің тасына жаңғырыққан.
Сүйем сені жыр мекен туған жерім,
Көңілімде сен десем ну бар менің.
Тасыңдай боп қалар ма ем тарихқа,
Өзеніңдей мәңгілік тулар ма едім.
Аласатқан көңілдің көк перісін,
Әлемді бір шарлатып өтпек үшін.
Туған жерім мен шықсам шың басына,
Сенің атың аспандап кетпегі шын!!!
30 сәуір 1999 жыл
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇