Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.09.2022
134

Алыста тұр
Қиял қиян шалады құспен еріп,
Аспанымды бояусыз түске көміп.
Құлазимын, көңілім бейне менің –
Жәннат іздеп тауынан түскен елік.
Белгісіздеу бір жойқын күшпен еріп,
Албырт арман барады іштен өліп.
Шөлде қалды жәудіреп екі көзі,
Таудың ғана тұмасын ішкен елік.
Неге, неге жасындар жанады көп,
Көңілімнің дауылы барады үдеп.
Көп болды ғой арманға жүгіргелі,
Алыста тұр бұл күнде бақ әлі де...
Ақпан 1999ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇