Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  97


Автор: Сәруар Қамаева

КҮНДЕРІМ ТОЛЫ НАЛАҒА

Өзіңді күткен
Күндерім толы налаға.
Жиналып іштен
Айналды бітеу жараға.
Сызатты жерін
Сыртынан жауып амалсыз,
Жүретін едім
Сездірмей жұртқа алаңсыз.
Тұрғасын нұсқап
Беймезгіл көңіл алаңын,
Сұлбасын ұстап
Өзіммен-өзім қаламын.
Мұңайып тұрған
Көңілге қайта қарайлап,
Беймаза қылған
Отырмын, жаным, сені ойлап.
Ойланып күнде,
Жете алмай қойдым түбіне.
Қайраным мүлде
Жарамай қалды түгіне.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу