Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.09.2022
121
КЕЛМЕДІҢ БЕ?
Келмедің бе
Шабытты шақта бөлек.
Күндей күліп,
Жанымды шатқа бөлеп.
Келмедің бе
Жабығып қалғанымда.
Жалын жүрек,
От болып жанғанында.
Келмедің бе
Шуақты күндерімде.
Жұлдыз жанған,
Шырақты түндерімде.
Келмедің бе
Көктемде көрісуге.
Іштегі мұң,
Сырымды бөлісуге.
Келмедің бе
Жайнаған жаз ғұмырда.
Пенде көңіл
Дайын ғой жазғыруға.
Көктем-жазда
Көрінбей, түзде жүрсең,
Қоңыр күзде
Неліктен іздедің сен?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter