Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  101


Автор: Сәруар Қамаева

ЕСІҢДЕ МЕ?

Есіңде ме
Мойныңа асылғаным?
Бұлттан шыққан
Күндей боп ашылғаным?
Сезгендей-ақ секілді ем
Сезімдерім
Жүрегіңді тулатып басылғанын.


Есіңде ме
Үзіле қарағаным?
Қиял кернеп,
Қалықтап барады әнім.
Көріп қана кетіп ең
Ай арудың
Алдына алып, бұрымын тарағанын.
Есіңде ме
Жыр болып төгілгенім?
Ағыл-тегіл алдыңда
Егілгенім?
Ай айналып, күн кірген,
Есіңде ме,
Айқасқанда қос құшақ,
Сенің, менің?..
Есіңде ме
Өлең боп өрілгенім?
Өзгелерден
Еректеу көрінгенім?
Сол өзгелік, еректік,
Еркіндіктен
Өзің үшін біржола бөлінгенім? .
Есіңде ме
Өзгелеу көрінгенім?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу