Өлеңдер ✍️
Тілекті мұңы
Ұштым пана жар таппай,
Болған соң мазақ мен қақпай.
Тұғырым қалды орнында,
Қонарлық оған жол таппай.
Қараңғы түн – көргенім,
Маған деген таң атпай,
Сырты – басқа, іші бір,
Қандасымнан жар таппай.
Өткеретін күнім көп,
Көзімді таңға бір жаппай.
Қалықтаймын аспанды,
Ұшамын мұңдас мен текке.
Текке ұшпаймын таппаймын,
Паналар орын мен көпте.
Сауысқандай шоқалақ.
Болдым өте жел өкпе.
Жел өкпелік – бас қамы,
Сақтануым керек-ті.
Ұшамын шүйгіп аспанды,
Қонарлық таппай тұрақты.
Сектенемін, қорқамын,
Сезіп құрған тұзақты.
Бір таяныш – дос табу,
Өте ұзын құлақты.
Соны ізденіп, зар қылып,
Ағызам көзден бұлақты.
Тиыштық жоқ бір жанға,
Көргені бәрі азап-ты.
Қақпайда жүрген мен бір доп,
Тағыдыр қылған мазақты.
Әзіргі бейнет – көргенім,
Таба алмай іздеп рахатты.
Шерленемін, көздеймін.
Шолып, ұшып аймақты.
Көздегенім – бір сая,
Дегендей-ақ жәй тапты.
Сондықтан бетім бұрамын,
Жер іздеп қонақтамақты.
Көзім салып шолимын,
Мынадай мекен орыннан,
Талмай іздеп жолымнан,
Дос-жардың көмек қолынан,
Әр нәрсеге себеп деп,
Көздеуге тиыштық алмақ-ты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter