Өлеңдер ✍️

  05.09.2022
  747


Автор: Кенжебек Сержанұлы

БУРАБАЙ, ШЫН БЕЙНЕҢЕ БАҒА ЖЕТПЕС


Мен бардым сексен көлдің саясына,
Сексен көл ала кетті аясына.
Оқжетпес Жұмбақтаспен тамсандырды,
Өр Көкше әуеніндей ансамбльдің.

Сәкеннің жолдарымен жүргендеймін,
Тілімде өңшең ұйқас, күрмелмейді.
Шаршамай шыға бердім белестерге,
Тар жолы тайғақ кешкен елестер деп...

«Бурабай, шын бейнеңе баға жетпес!..»
Мағжандай маңғаздандым аға ниеттес.
Қасымдар жырлап өткен жасыл өлке,
Сан ғасыр жыр боларсың ғашық елге.

К.СЕРЖАНҰЛЫ,
Ақтау.
2011 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу