03.09.2022
  773


Автор: Дихан Қамзабекұлы

Үй іші, ағайын туралы

Немере етін жеп, сүйегін қалдырады.
Еркек сергек ұйықтаса, ырыс бітеді,
Әйел сергек ұйықтаса, жұмыс бітеді.
Ағам бар еді мір тілді – жағам жыртылды.
Бір бала – кіріс,
Екі бала – дұрыс,
Үш бала – ырыс.
Ай көрмесе – ағайын,
Жыл көрмесе – жекжат.
Ұлға отыз үйден,
Қызға қырық үйден тыйым,
Қала берсе, есіктегі күңнен тыйым.
Ұлың өссе, ұлы жақсы мен ауылдас бол
Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол.
Қонақ асына емес, қабақ-қасыңа риза.
Қонақ жаман болса, үй иесі қалдырады,
Үй иесі жаман болса, қонақ қыдырады.
 Келінің жаман болса, ұлыңнан көр.
Күйеуің жаман болса, қызыңнан көр.
Иесін сыйлағанның итіне сүйек таста.
Тіріде сыйласпаған,
Өліде жылыспайды.
Үй ішінен жау шықса,
Тұра қашып құтылмассың.
Тұлпардың өз тұяғы өзіне дәрі.
Ине өткен жерден жіп өтер.
Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар.
Төркін десе қыз төзбейді,
Көкпек десе түйе төзбейді.
Апасының киген тонын сіңлісі де киер.
Қазаны басқаның қайғысы басқа.
Ата – баланың қорғаны.
Атаға баланың алалығы жоқ.
Сақау баланың тілін шешесі біледі.
Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы.
Балалы үйдің ұрлығы жатпас.
Торғай жаңбыр жауса баласын қорғар,
Бұршақ жауса, басын қорғар.
Жалғыз түйе бақырауық,
Жалғыз бала жылауық.
 Омбының Алаш дәптері
Жылайын деген бала әкесінің сақалымен ойнайды.
Балалы үй – базар,
Баласыз үй – қу мазар.
Балаға пышақ бермесең бір жылар,
Берсең екі жылар.
Ат болатын тай саяққа үйір,
Адам болатын бала қонаққа үйір.
Ат болатын құлынның,
Бауыры жазық келер.
Адам болар баланың,
Маңдайы жазық келер.
Отыз ұлым болса да орны басқа.
Немере етін жеп, сүйегін берер.
Бас екеу болмай,
Мал екеу болмас.
Сүйгенін шұнағым дейді.
Көш жүре түзеледі.
Жылы – жылы сөйлесең,
Жылан інінен шығады.
Қалған көңіл шыққан жанмен семіреді.
Шын жыласа соқыр көзден жас шығады.
Қайғысыз қара суға семіреді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу