03.09.2022
  695


Автор: Дихан Қамзабекұлы

Қатын туралы

Уақытсыз ерден бақытсыз ұрғашы артық.
Атың жемпаз болса – берді Құдай,
Қатының жемпаз болса – ұрды Құдай.
Алты аға бірігіп әке болмас,
Жеті жеңге бірігіп ана болмас.
Заманақыр болғанда әйел базаршыл,
еркек қазаншыл келеді.
Ақырет жақындағанда әйел би болар,
еркек жасып ез болар.
Көз – шынның расы,
Құлақ – өтіріктің ұясы.
Еркегі айбатты болса,
Әйелі ұятты келеді.
Жақсы әйел жаман еркекті түзетеді,
Жаман әйел жақсы еркекті жүдетеді.
Үлкен үйді көріп, осырып отырсың,
Отауды көрсең, тышарсың.
Тоқалдың өр келетіні,
Кедейдің кер келетіні несі?
Бәйбіше боқты жейді,
Тоқал тоқты жейді.
Жалғыздықтың өзі – сығай,
Екеудің бірі – жұбай.
Үшіншісі – шарана,
Төртіншісі – қаймана.
Тұзсыз қосылып, дәмсіз айырылған.
Әйел жерден шыққан жоқ,
Ол да – еркектің баласы.
Ерлер көктен түскен жоқ,
Әйел оның анасы.
Ердің семізі – есек,
Әйелдің семізі – төсек.
Тең теңін олжалайды,
Тезек қабын олжалайды.
Тоқалдан туып ерке болмайды,
Шыбыштан туып серке болмайды.
Ит құйрығын өзі алып жүрмесе,
Оның құйрығын кім көтеріп жүреді?
Жақсы әйел жаман еркекті ер қылады,
Жаман еркек жақсы әйелді жер қылады.
Жақсы таз басын жасырмайды,
Жақсы әйел асын жасырмайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу