Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.09.2022
76
КӨҢІЛДІҢ ХАҚҚА МАҒЛҰМ АҚ-ҚАРАСЫ
Көңілдің хаққа мағлұм ақ-қарасы,
Көріктің сырттан абзал іш сарасы.
Хошлықтан екі житен мақрұм болып,
Пенденің бос қалмақшы бейшарасы.
Әурелік абыройсыз істерді істеп,
Халықтың машықтайды бір парасы.
Не мұрат мұндай пасық мінездерден,
Артыңа тоқтап әркім бір қарашы.
Иә басқа, иә Алашқа не пайдасы,
Өзің біл түспейін-ақ мен арашы.
Бұзақы, бүлдіруші дегізбей-ақ,
Тек жүрген – өнер алды, сөз ырасы.
28.10.1932 ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter