Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  96


Автор: Дихан Қамзабекұлы

НӘСИХАТ СӨЗ

Зор білім бұл заманда аңдағандар,
Ақиқат сөз болмаса нанбағандар.
Естіген көргеніме пара-пар ма?
Адам сол – өсек тілге азбағандар.
Арасын екі достың айырады,
Қай күнде елдің қоры оңбағандар.
Ақсақал бола алмайды елге басшы,
Ауыл боп өз бетімен қонбағандар.
Сол болар ердің ері уағдалы,
Тас тістеп айтқан сөзден танбағандар.
Қыла алмас тақуалық мемер кәміл,
Кемітіп өз туғанын қорлағандар.
Қолынан қастық-достық қайтып келер,
Бір іске біреу айдап зорлағандар.
Жолдасы жауда қалса қайрылмайды,
Өзінің басын ғана қорғағандар.
18.10.1932 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу