Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.09.2022
104
БІР РИСАЛА ХАТ ЖАЗДЫМ
Бір рисала хат жаздым,
Қазақ қыран Алашқа.
Білімсіз құр бозбала,
Білімдіге таласпа.
Қол жетпеске тыртаңдап,
Болмас іске жанаспа.
Қазулы қара жол тастап,
Шұбұрынмен адаспа.
Ердің көркі ғылымды ұқ,
Жәһиллікке жараспа.
Артыңа қарап аяқ бас,
Бұрылмастан дөң аспа.
Қағындың қапта бар болса,
Заттыменен қастаспа,
Кесірі тиер жаманның,
Жауызбенен бастаспа.
Жолға шықсаң жолдас ал,
Берекесізбен қостаспа,
Қадырым кетсін демесең,
Жаманменен боқтаспа.
Ынтымақ, бірлік іздесең,
Отаныңмен оқтаспа.
Жалғыз болам десеңдер,
Ағайын жоғын жоқтаспа.
Болмашыға болдырып,
Кінә, пікір сақтаспа.
Менменсіген адамды,
Үйфахи деп мақтаспа.
Сенімің кетер басыңнан,
Харамдықты ақтаспа,
Ердің аты арыса,
Қолтықтасып тастаспа.
Аз жасы артық адаммен,
Үлкенмін деп бастаспа.
Бейсембіұлы Баймұқамбеттен
20.05.1932 ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter