file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  02.09.2022
  282


Автор: Жанат Әскербекқызы

Би кешінде

Айтайын деп батпаған сөзің бардай,
Қарадың-ау, мен жаққа көзіңді алмай.
Сен тұрғанда жаныңмен арпалысып,
Кете барам сендегі сезімді арбай.
Төгілді әуен. Үні сәл баяулаған
Тұрдың үнсіз. Көз тігіп таяу маған.
Мен бөтенмен ортада тербелгенде
Сен бөтенмен тербелдің, аяулы адам.


Әзіл айтты ол, сезімді сөзбен жанып,
Адамдай-ақ бәріне төзген налып.
Сен де жүрсің, сездім мен, көз айырмай
Сені біреу тағы жүр көзбен бағып.
Түрлі сезім толқыған мұңлы әуенмен,
Сол келісім таба алмай тұрды-ау елмен.
...Тіріміз ғой, тіріміз, әттең, бірақ,
Ашыла алмай булығып сырлар өлген.



1988 жыл, Тарбағатай




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу