Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
02.09.2022
109
Аялайсың-ау үш тал гүліңді
Аялайсың-ау үш тал гүліңді,
Елемей менің құштарлығымды
өлеңге.
Дертім – сол өлең, ұқсаң мұнымды
Сезінсең мұңды құшқан күнімді
өлең боп туған сен емде!
Өлеңге ғашық өлермен едім,
Өлең дидарын сенен көремін,
Шыным бұл!
Сезімім бодан өлеңге менің -
Соны іздеп, шерге көгенделемін
Түн –түлей, күнім бұлыңғыр...
Түн жылатады мың сыр ұқтырып,
Түн жұбатады күрсініп тұрып
амалсыз.
Терек тұрады тұншығып күліп,
Ыза-кегіме құлшылық қылып,
Қасына бір күн барарсыз...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter