Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
31.08.2022
237
МәЖНҮН
«Ғашық боп қалма, Ақын» деп,
Айтқандар маған ақыл көп,
Ауысар едi есiнен
Көрсе егер сенi жақын кеп.
Оларға сонда таң ба әлi,
Жанымның күйiп-жанғаны?
Өзiңнен өзге жұлдызға
Аспанымда орын қалмады.
Жылатып тұрып, күлгiздiң,
Шалықпен өмiр сүргiздiң.
Бәрiнiң атын ұмыттым
Өзiңнен өзге жұлдыздың.
«Махаббат деген – соқпа дерт,
Айтпашы, есiң жоқ па» деп.
Мәңгiрген мендей Мәжнүнге
Тек өзiң ашар сот керек!
Ай кезбе десең көктегi
Аспанға жерлеп кет менi.
Ақындар ғашық болмаса –
Ақырзаманның жеткенi.
Жо-жо-жоқ!
Маған жолама,
Ақынға жолап бола ма?
Есi бар жұлдыз
Ессiздiң
Қолына келiп қона ма?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter