Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
31.08.2022
55
ҚОС ҚАРАШЫҚ
Жасыл сай.
Бұйра тал. Бұлақ.
Шатырлар шашырай қонған.
Бел-белес,
бұйрат – арғы жақ.
Табиғат көшiне айналған.
Мөп-мөлдiр,
аспан ашық-тын.
Сылқылдап бұлақ үн қатты.
Тұсынан басқа лашықтың
Бiр сұлу су алып жатты.
Мөп-мөлдiр
аспан ашық-тын...
Iшiнде тал-шыбықтардың
Отына қос қарашықтың
Аңдаусыз шарпылып қалдым.
Кенеттен
долы жел тұрып,
Бiр шоғыр бұлт айдап келдi.
Жер мен көк бәрi желпiнiп,
Бұлт басты қымтай бөктердi.
Аспанды дал-дұл еттi де,
Шулатты тал-шыбықтарды.
Дүркiреп жаңбыр өттi де,
Дүние малшынып қалды.
Қыз кеттi басқа лашыққа,
Сiлкiнтiп бiр рет маңын.
Кiм бiлген қос қарашықта
Соншама құдiрет барын!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter