Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  78


Автор: Жанат Әскербекқызы

Келермен аулап көңілді...

Келермен аулап көңілді
Өткеннен жұрдай тоналған.
Жүрегі шерлі өмірді
Жұбатам не деп, о, жалған!
Келер де келер, келер күн,
Өткеннен озар түгің жоқ.
Келер күн, саған не дермін,
Кетерсің сен де шығын боп.
Келер де келер келер күн,
Желпіне басып жетерсің.
Өзегі дертті өлеңнің
Шумағы болып кетерсің.
Мәңгілік тұрақ табардай
Керіле басып келерсің.
Шүкірлік еттім, Хақ Алла-ай,
Дейсің-ау, басқа не дерсің...
Айтайын арзу мен де бір –
Алғаусыз ойды кір шалар.
Өзегі дертті шерлі өмір,
Келерге не деп мұң шағар?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу