Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  150


Автор: Жанат Әскербекқызы

Қарға күдік қарқ етті – құлдық ұрдым...

Қарға күдік қарқ етті – құлдық ұрдым,
Аярландым, алдандым, мың құбылдым.
Сілкіледі тағдырым, тозаң болып,


Қабағында қамықтым тұл-ғұмырдың.
Ізденіп кеп басады ізімді лаң,
Көктем- ғайып, жаз – сәттік, күзім – бұлаң.
Аяғыма оралар аттап қалсам –
Сумаңдаған қызыл тіл – қызыл жылан.
Жанарында мезгілдің жасты ойнаттым,
Бағытымды бағады бас байлап күн.
Нұр боп тамып Тәңірінің мейірінен
Жүрегіне жалғанның тастай баттым.
Шеккі көрді шаттықты шерлі өткелім,
Теңіз кешіп, тау асып, шөл кеткемін.
Таңдайыма текті өлең татыранда
Маңдайыма мың өлім бер деп пе едім...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу