Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
31.08.2022
124
БОТАНА СУ
Ботана су ағады құлай барып,
Жалғыз адам жағада тұр ойланып.
Оның жаны бұлақпен ағайындас
Ашуланса таситын лайланып.
Жағада тұр
Иiлген сұрақ-ғұмыр:
Лайлаған кiм екен бұлақты бұл?
Екеуiнiң алдында бүкiл әлем
Мелшиедi айыпты сияқты бiр.
Бұлақ жатыр бұрқырап сай көшiрiп,
Адам кеттi.
Барады ол қайда өшiгiп?
Лайлап ап жүретiн тұндыра алмай
Дүниенiң заңы осы әурешiлiк...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter