Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  77


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Маңайда маңып мизамы

Маңайда маңып мизамы
Маужырап жатыр сары күз.
Күзеуде, киiз үй жаны –
Тiкенi толған кәрiқыз.
Әуре боп әуес iсiмен
Шырпып жүр кемпiр ши құрғақ.
Бұлдырап бұлттың iшiмен
Барады құстар қиқулап.
Қарайды қырға қарт шығып,
Көзiнде күздiң тамшысы.
Қарайды күн сап мәрт жiгiт
Қолында қысқа қамшысы.
Емiс те емiс саздарың,
Әуелеп ұшқан құстар-ау.
Өте де шықты-ау жаздарың
Қайтесiң, ғұмыр қысқалау...
Қысқалау,
бiрақ ғажап тым,
Құстар-ау,
соны бiлiңдер.
Қыздары құсап қазақтың
Төркiндеп келiп жүрiңдер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу