Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
31.08.2022
172

БОЙТҰМАР
Бойтұмар бұл былғарымен тысталған,
Ала аршамен аласталып ысталған.
Талай адам тағып бұрын мойынға
Киесiне құлай сенген тұс болған.
Сәби кезде мен де таққам
Жасырман,
Сиқырына iштей сенiп, бас ұрғам.
«Бұл бойтұмар сақтайды деп пәледен»
Таққан апам сипап тұрып басымнан.
Бүгiн, мiне, бойтұмарды ұмыттым,
Бәрi қалды ырымшылдау қылықтың.
Батпандай қып тақтым сәндi галстук
Бойтұмары секiлдентiп жiгiттiң.
Қараталда қалған менiң кәрi анам,
Тiлеп отыр:
«Құлыным, деп, бол аман...»
Мойнымдағы галстугым модалы
Сақтар ма екен менi пәле-жаладан?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇