file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  210


Автор: Ұлықбек Есдәулет

БАЛА ҚИЯЛ

Төркiндей көшiп жаз – келiн,
Сары жұрт бопты сай, адыр.
Қозы көш жерде көз көрiм
Жадағай жалғыз мая тұр.
Ұраңқай үйдей маяның
Iргесiн үңгiп жептi мал.
Хайуанға берсең қалауын
Дүниенiң бәрiн жеп тынар.
Кезiмде сонау баларақ
Төсек қып мая төбесiн.
Аспанды аймен тағалап
Қағушы ем қиял шегесiн.
Жатушы ем барлап түн жүзiн
Жотамды ұйпап сағдар шөп.
Жанарларыма жұлдызын
Себетiн сонда заңғар көк.
Кей-кейде күмiс күн бетiн
Қап-қара бұлттар айқарса,
Көрiнбей күннiң сүлбесi
Төңiрек күңгiрт байқалса.
Қап-қара бұлтты тұтасқан
Тастасам деушi ем, сыпырып.
Ашылса деушi ем сүт – аспан
Мұнардан мәңгi құтылып.
Сезiмге жан ем жанқияр
Жататын едiм қиялдап.
Бүгiнде менi сол қиял
Кететiн болды жиi алдап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу