file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  122


Автор: Ербол Бейілхан

КЕЛЬН КЕШІ

Кельн кеші, салқын тартты қоңыржай,
Бетховеннің сазды әуені қоңырлай.
Көктем айы, белгісі жоқ сәуірдің,
Шілде айындай иісін-ай, жауынның.
«Лорелай қыз» айналғанда аңызға,
Ертең сәуір айналмай ма тамызға.
Европа ғашық бәлкім Шиллерге,
Менің жаным құмар жастан күйлерге.
Көне қала. Кельн неткен ғұмырлы,
Біздің тамыр отарлаудан жұлынды.
Майн сенің ұртасам да суыңды,
Жуа алмаймын батпан-батпан
мұңымды.
Қайыршы қыз тартып отыр гитара,
Шерлі әуен, шер боп тиді құйқама.
Негр жігіт өріп апты тұлымын,
Күллі ұрғашы сорып отыр шылымын.
Байлық көрсе, иіс сезер алыстан,
Европа, киімі жұтаң данышпан.
Жақтырмаймын жайсаң жандай
күлкіңді,
Ей, Азия азайтсаңшы ұйқыңды.
Европа-ай, евродай өмірлі,
Алдау қиын, біздің жершіл көңілді.
Кеші думан қимасамда Кельнді,
Желге қарап, аңсап тұрмын белімді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу