Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
31.08.2022
113
КЕЙІПКЕР
Қалықтап «Гүлдариға»,
Үстінде қия белдің…
Өмірге сыйғаныңда,
Өлеңге сияр едің…
Сағыныш еселенді,
Салмағын жүрек білер…
Сары күз төсенеді,
Жапырақ… жүдеп күлер.
Бұлт көшті бұлаң қағып,
Құс қайтты келмейсің бе?
Бұралып, сылаңданып,
Жыр оқып бермейсің бе!?
Кісінер, кербесті-өмір,
Жауапсыз сұрағыма.
Алданыш, сері-көңіл,
Дауысың құлағымда…
Мұң бүрлеп алақанда,
Маңырап, елік-сезім.
Хат жаздым ала таңға,
Оқышы, кейіпкерім…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter