file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  144


Автор: Ербол Бейілхан

БІЗ ЖОЛЫҚҚАН МЕЗГІЛДІҢ БӘРІ – КӨКТЕМ!

Қамшы ғұмыр – жүргізбес сабына өктем,
Қараша ауыл бойыма қазына еккен.
Сары қызым қайда жүр сағына өбкен,
Біз жолыққан мезгілдің бәрі – Көктем!
Күз жанымды жайқалтып көктем етіп,
Жаз жаңбыры тұр биыл төкпелетіп.
Алам ылғи сар(ы) қызды өкпелетіп,
Сағындырып қояиын көпке кетіп...
Мені күтіп жүр екен қараша ауыл,
Дүлдүл байлап қойыпты қара сауыр.
Көкпар тартып қайтайын таласа бір,
Көктем ару – жолыма бал аша жүр?..
Бес асқардың мен ұштым қиясынан,
Туған жердің тау-тасы, миясы да ән!
Үш Ойғырдың жусанын иіскеп қойып,
Көз ұшында жастықты қыр асырам.
Күз шертеді жалғасын көктемгі ойдың,
Ізін қуып келемін көшкен жолдың...
Қоңыр аңдай қашып ем, қоңыр мұңнан,
Сар(ы) сағыныш бәрібір кетпей қойдың!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу