Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
31.08.2022
96
СЕНІҢ ДЕМІҢ...
Жұпар аңқып айналам,
Көкке ұшты, сетерлі ой.
Қазығына байлаған,
Сенің ауаң екен ғой!
Қуанышым көздегі,
Сағынышым мұңдағы...
Тіл жетпесім сөздегі,
Ашылмасым сырдағы...
Көңіл әппақ шағала,
Аспан түпсіз жеткен бе?
Жете алмасам бағаңа,
Жетім көңіл кектен бе?!
Өрнек салған ой шебер,
...Алдамшы бұл бақыт та.
Секунттармен өлшенер,
Бағынайық уақытқа!
Нәрестедей жүрегім,
Тәтті сезім аршыған.
Мына әлемді сүйемін,
Сенің демің аңқыған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter