Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
31.08.2022
161

МЕНІ ОЙЛА
Бозарып таң атқанда,
Боздала бусап жатқанда,
Ерке самал жел келіп,
Терезеңді қаққанда,
Мені ойла!
Даланы қар жапқанда,
Боран соққан ақпанда,
Қара жолға телміріп,
Автобусты тосқанда
Мені ойла!
Көгілдір көк көктемде,
Жыл құстары жеткенде,
Қара жерді бусатып,
Жаңбыр жауып өткенде,
Мені ойла!
Сағым тамған жаздарда,
Баққа оңаша барғанда,
Бұлбұл әнін қия алмай,
Жалғыз өзің қалғанда
Мені ойла!
Қоңыр салқын күздерде,
Тырналар сап түзгенде,
Сағынышың арман боп,
Түске жиі кіргенде
Мені ойла!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇