file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  144


Автор: Ербол Бейілхан

СӘУІР

Сәуірдің желпіп пердесін,
Аққулар келді мамықты.
Қызғалдақ көктем келгесін,
Гүл басып кетті жазықты.
Сәукеле киген гүлдерден,
Ұялып қалды бұлт көкте...
Күн сұлу көкте күлгеннен,
Көк шықты жерге, мырс етпе!
Өзеннің басы топ шеңгел,
Жел соқса, қобыз боздаған.
Астасып жатыр Көк пен Жер,
Кірпігін ғана қозғаған.
Майсасы шалқып өлеңнің,
Бәйшешек - көктем майысты.
Жусаны бүрлеп кезеңнің,
Дала әтірімен қауышты!
Тозығы жеткен дүние,
Оранды бүлде... торғынға!
Қыз - көктем киіп дүрия
Құс қонып жатыр айдынға.
Күреңбел жатыр кісінеп,
Жел сипап ерке шоқтығын.
Жаны бар жанның ісі көп,
Жанармай енді жоқ тыным.
Отамал шақта өтпелі,
Жетімек қозы отығар...
Бұлт асып кеткен көктегі,
Көңілдің енді хошын ал!
Бойжеткен қыздай, дала сән,
Жылаған бұлттар бозбала...
Көзің тоймайды қарасаң,
Әуелеп кетті саз ғана!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу