file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  117


Автор: Ербол Бейілхан

ЖЕЗКИІК. ЖЫР.

Жезкиігім – желді күнді аңсаған,
Не айта алам: сөзім көне, ой шабан.
Қара түндер мұң жамылып жатамын,
Не сыйлайды, толып, тозар Ай саған?..
Көнек басқа – шүмек тілді жау етіп,
Кейде маған ой келеді сау етіп...
Кейбір бастар Құдайына сыйынбай,
Өреліге сыйынады тәу етіп!..
Құлмын рас! Аллам өзің кеше гөр,
Жаратқаннан ұлық емес не шебер!
Біздікі сол қазақылық баяғы,
Ер жігітке аз дейтұғын «жеті өнер».
Өлең де өнер, өнерсіз жұрт шатылған,
Беу, құрдасым, қара өлең сал қасымнан...
Таң бозында бұлбұл сайрап тұрғандай,
Тыңдайын бір түсіп жатып атымнан.
Қасиетіңнен, айналайын, ескілік,
Ескіліктен табам өзім естілік.
Елдің көбі жыртың-жыртың еткенде,
Бір әдетім қалам ылғи кеш күліп...
Қадіріңнен айналайын көнелік,
Сенде жатыр биіктік пен өрелік!
Абызындай құлақ салып тыңдайын,
Өлеңіме айтып жібер төрелік!?.
Қайдам, қайдам... еске түсіп қайдағы,
Жезкиігім, жетпей қалған айдағы...
Шыңыраудан тұма ішкен көңілді,
Көлшік суын қызықтырмас сайдағы?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу