file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  130


Автор: Ербол Бейілхан

Қаз қанатында ұшып барады жүрегiм!..

Көктем де өттi, тынысы тылсым қыз демдi,
Жiбек – жаз жылап, көркiнен күдер үзген-дi.
Көк теңбiл аспан қабағын түйiп сұрланып,
Күрең тай мiнiп, күрең шапанды Күз келдi.
Жазира белдер оңып барады тысы көк,
Аппақ айдынның сәнi кiрген-дi құсы кеп.
Көңiл мен көлдiң көкала үйрегiң үркiттi-ау,
Уақыт қуған, күрең тай шауып кiсiнеп...
Жапырақ – ғұмыр, жалына күздің жармасып,
Емен иiлiп, қалады-ау, өрiм тал жасып.
Жайдары жаздың сезiмiн ұрлап Күз жiгiт,
Мезгiл жүрегi тұрады солай алмасып.
Күрең тай ертең, Ақ боз ат болар бiлерiм,
Ақ боз ат мініп, ақ таңды күтiп жүремiн...
Сағыныш деген, сары шекпенді жамылып,
Қаз қанатында ұшып барады жүрегiм!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу