Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.08.2022
1069

Шешендікпен танылған
Шешендікпен танылған,
Бала кезден еліне.
Хан алдында дат сұрап,
Көмек берген жеріне.
Шешендікпен үн қатты,
Күң еткізбей қыздарын.
Батылдықпен тіл қатты,
Құл еткізбей ұлдарын.
Қаз дауысты Қазыбек,
Бірі болды үш бидің.
Әділдікпен шешті ол,
Дауы болса әр үйдің.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇