Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.08.2022
659

Қазыбек би атамыз
Орта жүзден тараған, руы арғын,
Қазыбек би атамыз дара туған.
Шешендікпен үн қатқан Қазыбек би,
Біздер үшін қашанда дара тұлғаң.
Әкесі оның Келдібек би атанған,
Танымал ол халқына, елге сыйлы.
Әкесінен дарыған даналығы,
Жаратқаным бойына беріп сыйды.
«Қаз дауысты Қазыбек» атанған би,
Шешендігі бар оның батылдығы.
Хан алдында қасқайып сөйлегені,
Әділдікке жетелеп ақылдығы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇