Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  317


Автор: Есләм Зікібаев

СУРЕТШІ ГҮЛНАР

Кезек ұстап сары, қызыл қараны...
Кəдімгідей Гүлнар сурет салады.
Бір қолында – түрлі түсті бояуы,
Бір қолында – шағындау қылқаламы.
Кешке дейін салатыны бір адам,
Таңдауы сол,
Жаңылмайды, сірə, одан.
Қайран қалам төзіміне əжемнің
Гүлнардың бұл қылығына шыдаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу